Құрметті ата-аналар мен балалар!

 





Дарабоз жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығы қарсаңында...

icon2019 жылдың 8 қазан күні Шахта орта мектебінде мектебіміздің түлегі, даралығы мен даналығы тек өзіне ғана жарасқан, тек қазақ жазушыларының емес, күллі әлем әдебиетшілерінің ортасынан ойып тұрып өз орнын тапқан Дарабоз жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығы қарсаңында мектеп түлектері: Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы, Момынов Қуаныш Амантайұлы, Смайлов Ақылбек Қожайұлының демеушілігімен кабинет заманауи үлгіде қайта жасақталып, ресми салтанатты түрде ашылды.

1 қыркүйек – Білім күні. «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

icon           1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын Таушық аулының төрінде орналасқан Шахта орта мектебінде аталып өтті. Ел мерейін өсірер, көк туымызды биікке көтерер ұландарымыз бен ұлағатты ұстаздарымыз аяулы мектебімен қайта қауышты.

Шахта орта мектебінде 5-7 сынып оқушыларына арналған жазғы тілдік лагерь ашылды

Бүгін 03.06.2019 жылы Шахта орта мектебінде 5-7 сынып оқушыларына арналған жазғы тілдік лагерь ашылды. Жазғы тілдік лагерь аясында оқушыларға өздерінің өзге тілдік қарым-қатынасын, білім-білік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беріледі. Білім алушылардың қатысымдық  дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Тілдік лагерь бағдарламасы 20 күнге есептелген. Әр күннің өз атауы және соған сәйкес тапсырмалары бар. 

16 оқушы "Білген аламан", "Білген бәйге" атты облыстық олимпиадаға қатысты.

icon2019 жылдың 27 сәуірінде Шахта орта мектебінің бастауыш сынып және жоғарғы сынып арасындағы 16 оқушы "Білген аламан", "Білген бәйге" атты облыстық олимпиадаға қатысты. Облыстық олимпиададан орын алып Республикалық кезеңге өтулеріңе ТІЛЕКШІМІЗ!  

5-8 сынып оқушыларының арасында өткен аудандық пәндік олимпиада қорытындысы

icon      2019 жылда Шахта орта мектебі аудандық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 5-6 сынып оқушыларының, жаратылыстану-математикалық бағыттағы 7-8 сынып оқушыларының арасында өткен олимпиада қорытындысы бойынша І орынды -- Бақтыбай Ж. Елеусінқызы Д. Керимова Н. ІІ орынды -- Қатарбай Ә. Оразалықызы А. Нұраған Д. Жолымберген Ж. Ықылас А.жоғары орындарды қанжығаға байлап қайтты. Тілеген А. Қайырғали Ә. Балуанияз М. Бақытжан Н. Бейбітбекқызы А. Есболатқызы Н. Айтқұл Д. Жеткізген М. ІІІ орындарды иемденді. 

"Білім сапасын жоғарлату мақсатында БЛУМ таксаномиясын тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері " тақырыбындағы аудандық семинар

icon          Сәуір айының 9 жұлдызында Шахта орта мектебінің мұғалімдері Баян Айболат, Шамшадиева Қаламқас, Қаналы Тұрсынгүл, Айкешова Гүлсара, Нұрдаулетова Ләззат Ғ.Айдаров атындағы орта білім беретін мектеп лицейінде "Білім сапасын жоғарлату мақсатында БЛУМ таксаномиясын тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері " тақырыбында өткен аудандық семинарда іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

1 - наурыз - "Алғыс айту" күні

iconАлғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Соған байланысты мектебіміздің психологтары , тәлімгерлері, оқушылары мұғалімдерді, кіші қызметкерлерді , барлық ұжымды шын ниеттерін білідіріп, құттықтады. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

iconВолейболдан 1 наурыз "Алғыс айту" күніне арналған ұлдар арасындағы Аудандық балалар жасөспірімдер Спорт мектебінің ашық біріншілігінде ШАХТА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ұлдар командасы ІІ орынды иеленді! 

Шахта орта мектебінде адалдық дүкені ашылды.

icon Оқушыларды адал болуға,адал жүріп өз таңдауын жасау мақсатында Шахта орта мектебінде адалдық дүкені ашылды. Дүкен өзін өзі басқару жүйесіне негізделген. Дүкеннен оқушылар мен мұғалімдер өздеріне қажетті кеңсе тауарларын алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. Сатып алушыларды ешкім бақыламайды, мұнда сатушы да , күзетші де жоқ.Барлығы сенім мен адалдыққа, адамның тәртібі мен ұятына негізделген. Өскелең ұрпақты жақсы қасиетке баулуды көздеген бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруда оң әсер етеді.  

Құттықтаймыз!!! Аудандық "Үздік сынып жетекші-2019" байқауында Бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алған әріптесіміз - мектебіміздің 10-сынып жетекшісі, жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қайырқожа Айнұрды жеңісімен құттықтап, алдағы облыстық кезеңде де топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінуіне сәттілік тілейміз!

icon  Ақпан айының 14 күні өткен аудандық "Үздік сынып жетекші-2019" байқауында мектебіміздің 10-сынып жетекшісі, жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қайырқожа Айнұр Жұмабайқызы Бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алды.  

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

26 мамыр 2020
Құрметті ата-аналар мен балалар!

Құрметті ата-аналар мен балалар! Егер Сізге кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық ...

06 наурыз 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Шахта орта мектебінің оқушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған "Талантты жа ...

29 ақпан 2020
"Менің таза аулам" акциясы

28.02.2020 ж Алғыс айту күніне орай Мектебіміздің 8"А" сынып оқушылары, жетекшісі Жолманова Қымбаттың ұ ...

28 ақпан 2020
«Абайдың дара жолымен....» атты ақпараттық-танымдық сұхбат

2020 жылғы 21 ақпан күні Ақтау қаласындағы Білім-инновация лицейінде «Абай әлеміне саяхат» рухан ...

21 ақпан 2020