Құрметті ата-аналар мен балалар!

 





Аудандық "Математикалық регата-2019" олимпиадасында Шахта орта мектебінің математиктері ІІІ орын иеленді

icon

Шахта орта мектебінде мектепішілік " Үздік сынып жетекші - 2019 " байқауы өтті.

icon         Байқаудың мақсаты: сынып жетекшілердің тәжірбие алмасуын, кәсіби шеберлігін арттыру, оқушыларды тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудың озық әдістерін анықтау, шығармашыл сынып жетекшілерді қолдау. Байқауға 4 "б" сынып жетекшісі Қоңыршаева Г, 5 "б" сынып жетекшісі Қарабасова Г, 6 "а" сынып жетекшісі Нурдаулетова Л, 8 "ә" сынып жетекшісі Мұратова М, 9 "а" сынып жетекшісі Елеуова Н, 10 "а" сынып жетекшісі Қайырқожа А қатысты.Байқау 4 кезеңнен тұрды. " Мен - сынып жетекшімін" кезеңінде сынып жетекшілер презентация қорғады. "Жас ұрпақты тәрбиелеу туралы менің көзқарасым" тақырыбында плакат, коллаж турінде өз көзқарастарын қағаз бетіне түсірді. " Блиц турнирде " шығармашылық жұмыстарын қорғап, еркін тақырыпта поноромалық сабақ көрсетті. " Шығармашылық презентация" кезеңінде сынып жетекшілер тәрбиелік іс-шараларды, сынып жетістіктерін, тәрбие бағдарламаларын қорғады.Шара соңында " Үздік сынып жетекші-2019" байқауында Бас жүлдені 10 "а" сынып жетекшісі Қайырқожа А, І орын 6 "а" сынып жетекшісі Нурдаулетова Л иеленсе, ІІ орындарды 5"б" сынып жетекшісі Қарабасова Г мен 4 "б" сынып жетекшісі Қоңыршаева Г алды. ІІІ орын иелері 8 "ә" сынып жетекшісі Мұратова М мен 9 "а" сынып жетекшісі Елеуова Н .Байқау жеңімпаздары 4 кезеңнің қорытындысы бойынша анықталып, Кәсіподақ ұйымының тарапынан ақшалай марапатталды. Бас жүлде иегері аудандық байқауға жолдама алды.  

« Жат жерде от кешкендер» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

iconАуған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында  Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай « Жат жерде от кешкендер» атты онкүндік аясында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті.  

Қаңтар айының 21-31 аралығында " Инновация мен құзыреттілік іс-тәжірибеде" атты аттестациядан өтетін мұғалімдердің онкүндігі болып өтті.

iconҚаңтар айының 21-31 аралығында " Инновация мен құзыреттілік іс-тәжірибеде" атты аттестациядан өтетін мұғалімдердің онкүндігі болып өтті. Онкүндік аясында мұғалімдер ашық сабақтар мен түрлі шаралар өткізіп, тәжірибе алмасты. Нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі Б.Бекмағанбетованың 1-сыныпқа өткізген " П дыбысы мен әрпі" тақырыбындағы ашық сабағы "Үлгілі сабақ" деп танылды.  

"Маңғыстаунама - 2018"

"Маңғыстаунама - 2018" танымдық шарасының аудандық кезеңі өтті.

"Маңғыстаунама - 2018"

icon"Маңғыстаунама - 2018" танымдық шарасының аудандық кезеңі өтті

«Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді»

15.11.2018 ж, ұстаздар арасында психологиялық жағымды ахуал қалыптастыра отырып, көңіл-күйлерін көтеру, бір-бірлеріне құрметпен қарау, бірлесе отырып, жұмыс жасауға ықпал ету мақсатында мектеп психологы Әсем Өтебаева тренинг өткізді.  

«Ұстазға тағзым!» атты мерекелік жиын

icon4 қазан 2018 жылы Шахта орта мектебінде ұстаздар күніне орай «Ұстазға тағзым!» атты мерекелік жиын болып өтті. Жиынның құрметті қонағы болып, ардагер ұстаздар да қатысты.  

«Таза қол» акциясы

icon   Шахта орта мектебінде 2018 жылдың қыркүйек айының 3-24 жұлдызы аралығында «Таза қол» акциясы жоспарға сай өткізілді.  

Қоңырау үні шарықта

icon1  қыркүйек - білім күні мерекесі Шахта орта мектебінде айрықша атанып өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

26 мамыр 2020
Құрметті ата-аналар мен балалар!

Құрметті ата-аналар мен балалар! Егер Сізге кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық ...

06 наурыз 2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Шахта орта мектебінің оқушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған "Талантты жа ...

29 ақпан 2020
"Менің таза аулам" акциясы

28.02.2020 ж Алғыс айту күніне орай Мектебіміздің 8"А" сынып оқушылары, жетекшісі Жолманова Қымбаттың ұ ...

28 ақпан 2020
«Абайдың дара жолымен....» атты ақпараттық-танымдық сұхбат

2020 жылғы 21 ақпан күні Ақтау қаласындағы Білім-инновация лицейінде «Абай әлеміне саяхат» рухан ...

21 ақпан 2020